"Қазақтардан қорқу керек екен": Араққа сылқия тойып алған ресейлік блогерді Ақтөбеде ұрып-соғып, тонап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтардан қорқу керек екен": Араққа сылқия тойып алған ресейлік блогерді Ақтөбеде ұрып-соғып, тонап кеткен

"Қазақтардан қорқу керек екен": Араққа сылқия тойып алған ресейлік блогерді Ақтөбеде ұрып-соғып, тонап кеткен

Ресейлік блогер Артур Странник Ресей, Маңғолия, Қазақстан жерлерін велосипедпен жүріп өтпек болған. Алайда блогер туған еліне қайтуына тура келген.

  • 16 Маусым 2022
  • 854
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Youtube арнасындағы видеосында айтып берді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Мені Қазақстанда, Ақтөбеде тонап кетті. Велосипед пен телефонымды тонап кетті. Ресейге әрең дегенде жеттім. Бәрін алып кетті, тіпті ақшам да қалмады. Полицейлер билет берді, Орынборға әрең дегенде жеттім. Осында гараждың шатырында ұйықтадым, жел болып, үстімнің бәрі су болып қалды", — деді блогер.

Ол саяхаттың жалғасатынын, бірақ енді пойызбен жүретінін айтты.  Сонымен қатар, соңғы бағыт өзгерді, блогер теңізге баруды шешті. Сондай-ақ, ол видеокамера мен құжаттардың сақталғанын айтты.

"Мен кешкісін Ақтөбеде велосипедпен жүрген едім. Бір топ жігіттер келді де, мені тонап кетті. Ұстағышта менің телефоным, iPhone болды, сөмкеде барлық ақша болды. Мен қонақ үйде барлық заттарымды қалдырдым, кішкентай сөмкемді өзіммен бірге алып шыққанмын. Ол жерде барлық ақшам болған, ақшамның барлығын теңгеге ауыстырған болатынмын. Көп ақша, ол ақшамен Қазақстанда бір айға тұруға болар еді. Соңында қалтамда 2 000 теңге қалды", — деді Странник Артур.

Оқиғаға Ақтөбе облысы полиция департаментінің өкілі түсініктеме берді. Артур тонау болған кезде мас болып, оқиғаның мән-жайын нақты есіне түсіре алмаған.

"Велосипед ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алдын ала тергеу барысында жәбірленуші мас болған кезде велосипедтің жоғалуының барлық жағдайларын есіне түсірмейтіні анықталды. Алайда полиция қызметкерлері велосипед іздеу бойынша жедел іс — шаралар жүргізуде", — делінген хабарламада.

Бұл жағдайға байланысты блогердің оқырмандарының пікірлері мынадай болды:

 

Соңғы жаңалықтар