«Қазақтарды бауыздау керек...»: Ресей әскеріндегі қазақтар орыстарды осы сөзі үшін таяққа жықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтарды бауыздау керек...»: Ресей әскеріндегі қазақтар орыстарды осы сөзі үшін таяққа жықты (ВИДЕО)

«Қазақтарды бауыздау керек...»: Ресей әскеріндегі қазақтар орыстарды осы сөзі үшін таяққа жықты (ВИДЕО)

Мобилизация бойынша әскерге алынған Ресей армиясында кикілжің орын алған. Ондағы орыстардың бірі «барлық қазақтарды бауыздау керек» деген сияқты сөздер айтқан көрінеді.

  • 17 Қазан 2022
  • 19617
Фото - Caravan.kz

Ресей әскеріндегі қазақтарды оның бұл сөзі бей-жай қалдыра алмаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әлгіндей сөз айтқан орысты жазалап жатқан видео Paranoia.kz Телеграмм арнасында тарады. Онда бір топ сарбаздың кінәліні қоршап алып, бірнеше соққы жасап, таяққа жыққанын көруге болады. Тепкіге алғандар қазақтар болса керек. Өйткені олар «егер қазақтар туралы тағы бір осындай сөз айтсаң жақсылық күтпе. Барлық қазақ халқы сендер үшін соғысып, сендер үшін қан төгіп жүр. Есіңде болсын» деп ескерту жасайды. Сондай-ақ олар қазақтармен қатар өзге ұлттардың да орыстар үшін соғысып жүргенін еске салады. 

ЕСКЕРТУ:
Видеода
балағат сөздер бар!

 

Соңғы жаңалықтар