Жарияланды: 1900

Қазақтардың арғы ата-бабалары 365 мың жылқы етін жеп қойған

Қазақтардың арғы ата-бабалары 365 мың жылқы етін жеп қойған

Тарих ғылымдарының докторы Виктор Зайберт еліміздің солтүстік өңірлерінде өмір сүрген ежелгі ботайлықтардың мәдениеті мен өмірі жайлы қызықты мәліметтерді «КАРАВАН» басылымында бөлісті.

Виктор Федорович Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қызмет етіп, археология және этнология ғылыми орталығын басқарады. 2017 жылы ежелгі Ботай қонысында ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. Жуырда беделі Science ғылыми журналына жылқылар генетикасы туралы көлемді мақаласы шығады.

Басылым тілшісіне берген сұхбатта ғалым Ботай халқының тұрған баспанасы қазіргі қазақтардың киіз үйіне ұқсағанын айтады.

«Қазір этнографияда тек қана қазақтар ғана емес, сондай-ақ Кавказда, Памир мен Алтай және өзге де өңірлерде «дарбаза» архитектуриялық амалы қолданылған. Ол Қазақстанда «шошала» деген атпен белгілі. Конус тектес көп қырлы құрылым. Ботайлықтардың баспанасын тәжірбие арқылы қайта қалпына келтірдік. Алдымен шынай макетін жасап, 14 жыл бойы ешкім тұрмаған жағдайда қалай шөгетінін бақыладық. Табиғи жолымен мүжіліп, жойылған соң қазып алып, стратиграфиясын ежелгі ботайлықтардың үймен салыстырдық. Біздің мәліметтеріміз бойынша киіз үй темір дәуірінде емес, ботайлықтар уақытында пайда болған. Жайлауға, қыстауға көшу жүйесі де сол кезде қалыптасқан»,- деді В.Зайберт.

Ғалымның айтуынша, ботайлықтар мал азығын сүрлеуді білген.

«Біз диаметрі екі метр, тереңдігі 2-3 метр болатын дөңгелек шұңқыр тауып алдық. Ол бетіне дейін жылқының сүйегімен толтырылған екен. Жылқыны қасаптағанда 4 бөлікке бөлген. Шұңқырға толтырып, бетіп таспен бекіткен. Ал оның үстіне бірнеше апта бойы от жаққан. Осылайша ет тағамдарын сүрлеген. Палеозологтардың мәліметтерінше олар өздері өмір сүрген дәуірде 365 мың бас жылқының етін жеген. Тонналаған жылқы сүйектері табылды. Бір үйдің пайыздық көрсеткіші есептелді. Бүкіл ауылды қазу үшін 250 жыл қажет.

Ботай мәдениетінің құлдырауына ауа температурасының көтерілуі себеп болған. Б.э.д үшінші мыңжылдықта көп жерлерде шөлді аймақтар пайда бола бастады. Оған дейін Ботай аумағындағы шөптің биіктігі екі метр болса, онда миллиондаған жылқы жайылған көрінеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін