Жарияланды: 400

Қазақтелеком мен Tele2 компаниялары бірлескен кәсіпорын құрады

Қазақтелеком мен Tele2 компаниялары бірлескен кәсіпорын құрады

Tele2 тобы мен «Қазақтелеком» компаниясы Қазақстандағы ұялы байланыс бизнесін біріктіріп, бірлескен кәсіпорын құру туралы келісті, деп хабарлайды Tele2 баспасөз қызметі.

Хабарламаға сүйенсек, Tele2 мен ұлттық оператордың  «Алтел» ұялы байланыс операцияларын біріктіру арқылы құрылатын бірлескен кәсіпорын қос компанияның нарықтағы позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.
«Дауыс беру құқы бар акциялардың 51 пайызы Tele2 компаниясына, 49 пайызы Қазақтелекомға, ал, жай акциялардың 49 пайызы Tele2 компаниясына, 51 пайызы ұлттық операторға тиесілі болмақ. Бірлескен кәсіпорынды Tele2 басқарады. Мәміле бойынша, Tele2 «Мобайл Телеком Сервис» ЖШС-дегі (Tele2 Қазақстан) Asianet акциясының 49 пайызын және бірлескен кәсіпорын акциясының 18 пайызын 128 млн швед кронасына ($15 млн) сатып алады», - делінген хабарламада.
Жаңа компания абоненттерінің саны 5,6 миллионнан асады. Ал, нарықтағы үлесі 22 пайызға жуықтамақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін