Қазақтілді жалғыз спорт басылымы жабылып қалуы мүмкін – депутат - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтілді жалғыз спорт басылымы жабылып қалуы мүмкін – депутат

Қазақтілді жалғыз спорт басылымы жабылып қалуы мүмкін – депутат

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтан елімізде спорт тақырыбында шығатын бірден-бір қазақ тілді газет «Қазақ спорты» басылымын қолдауды сұрады.

  • 18 Сәуiр 2018
  • 69
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Baq.kz жазды.

«Тарихы 1959 жылдың 1 қаңтарынан басталатын бұл басылымдарға 2019 жылы алпыс жыл толады. Кезінде қазақ спортының көш басында тұрған Нұрмұханов, Айханов, Сегізбаев, Қонақбаев, Үшкемпіров секілді және қазір де Қазақстанды әлемге танытып отырған мыңдаған саңлақтарымыздың жеңісін сүйіншілей хабарлаған осы – қос басылым. Жыл сайын ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың спортқа қатысты саясатын жүзеге асыруға атсалысып, әрбір жастың құрыштай шынығып, мығым болып өсуіне ықпалы бар газеттер бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруда игі істерді атқарып отыр», — деді депутат.

Ол 2014 жылы газеттің ақпараттық-сараптамалық экспедициясы «Нұр Отан» партиясымен бірлесе бүкіл республика аумағына іс-сапарға шығып, «Дені саудың – жаны сау» атты дөңгелек үстел өткізген. 2020 жылға дейін ел халқының 30%-ін спортқа тарту туралы Президент тапсырмасына орай облыс әкімдері арасында «Спортқа қалайсың, әкім?» атты байқау, «Спортқа қамқоршы әкім», «Спортшы әкім» аталымы бойынша рейтинг әзірлеген.

«Ал қазақ тілінде «Қазақ спортынан» басқа атаулы басылым жоқ. Орыс тілді басылымдар, Ресейден келетін «Советский спорт», «Спорт Экспресс» секілді көптеген басылымдар жетіп артылады. Сол сияқты «Про спорт» та солардың бір көшірмесі. Ал «Қазақ спорты» республикада қазақ спортының күйін күйттеп жүрген бірден-бір басылым», — деді Жамбыл Ахметбеков.

Барлық мерзімді БАҚ жеке қолдарға өткен кезде республикалық спорт ведомствосының қол астында болып келген бұл басылымдарға «Алатау баспа» полиграфия корпорациясы құрылтайшы атанған.


«Бүгінге дейін шама жеткенше қаржыландырылып келеді. Бірақ қазақша және орысша екі газетті қосқанда 8 беттен, 16 беттік аптасына бір рет тоқтаусыз шығарып тұру оңай емес. Өте көп қаражатты қажет етеді. Егер қазақ спортының алпыс жылдық тарихы бар басылымының жабылып қалу қаупі төніп тұрғандықтан, сізден көмек күтіп, қолдауыңызды сұраймыз», — деді депутат.

Оқи отырыңыз:

Мөлдір Әуелбекова басшылық қызметке тағайындалды
Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды
Ер азаматтардың басты қорқынышы анықталды
 
Соңғы жаңалықтар