"Қазақтың ағалары ұятсыз болып бара жатыр": Гейлердің көбеюіне қазақтың шалдары кінәлі ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақтың ағалары ұятсыз болып бара жатыр": Гейлердің көбеюіне қазақтың шалдары кінәлі ме?

"Қазақтың ағалары ұятсыз болып бара жатыр": Гейлердің көбеюіне қазақтың шалдары кінәлі ме?

Қазіргі таңда еркек пен еркектің махаббат құруы әлемде ғана емес біздің елімізде де белең алып бара жатыр. Жақында ғана Астана қаласындағы лифттердің бірінде екі еркектің сүйіскен видеосы қазақстандықтардың жағасын ұстатты.

  • 18 Қаңтар 2023
  • 3029
Фото - Caravan.kz

Гейлердің көбеюіне кім кінәлі? Олардың көбеюіне не себеп? Осыған байланысты белгілі психолог Меруерт Әбішева мен Анна Құдиярова өз ойларымен бөлісті, — деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

"Негізі кей, лесбиянкалар бұрында да болған нәрсе. Тек оған көп қарсылық болды. Әлі де Қазақстанның ережелері бойынша, заңы бойынша ашық гейлерге бізде рұқсат жоқ. Википедияны, заңды алып қарастыратын болсақ бізде ондай нәрсе жоқ. Негізінде, бұрыннан да болған деп ойлаймын. Өйткені, психолог болғаннан кейін түрлі адамдарды көресің. Адамдар негізі тіпті газет арқылы өзінің құпияланған орынды немесе қаланың ішіндегі орын, кафе, сөздер арқылы іздеп, табатын болған. Жұп болған гейлер немесе лесбиянкалар егер өздерінің тарапынан Қазақстанда қысым көрмесе олар тұра береді. Егер қысым болатын жағдайда олардың басқа елге көшкен жағдайлар бар. Сондықтан да бұрыннан да көп деп айта аламын. Біздің қоғам бәрібір дәстүрлі қоғам деп ойлаймын", — деп пікір білдірді Меруерт Әбішева.

Ал жақында ғана Caravan.kz медиа порталының тілшісіне сұхбат берген Анна Құдиярова гейлердің қайдан пайда болуына байланысты өз ойын айтқан болатын.

"Педофилияның құрбаны болатын тек қыздар емес, ұлдар да бар. Ұл балалар кейін гей болып кетеді.


Бір мектептің директоры бар. Өзі намазхан. Баласын үш жыл зорлап келген. Кішкентайынан бастағаннан кейін, «Еее, барлық әке баласын осылай жақсы көреді» деп түсінген. Бұл норма деп қабылдаған. Ол балақай маған келген. Қабылдауымда болды. Ол кезде 8-9 жас шамасында еді. Мен ойлаймын сондай жігіттер гей болып кетеді. Біздің орталыққа алып келген, мүмкін көмегі болып қалған шығар", — деді Анна Құдиярова.

Екі еркектің сүйіскен видеосын көрген тележурналист Динара Сәтжан оларды қолдап, керісінше оларды видеоға түсірген адамды сотқа беру керек екенін айтқан болатын.

"Егер адам өз ісінің маманы болса кім кіммен жатқаны бәрібір емес пе?

Лифтте сүйісе ме, көшеде сүйісе ме бәрібір емес пе?

Жеке өмір құпиясын бұзғаны үшін бізде қылмыстық жауапкершілік бар.
147 ҚР ҚК қол сұғылмаушылықты бұзу

Видеоға түсіріп, желіге салып жіберген адамның өзін көргім келеді. Ол соншалықты мінсіз беделге ие ме екен?!

Жігіттердің орнында болсам видеоға түсірген оңбағанды сотқа берер едім", — деп жазды Динара Сәтжан.

Соңғы жаңалықтар