Қазақтың әйгілі кішкентай шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік қалай сұлу аруға айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың әйгілі кішкентай шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік қалай сұлу аруға айналды

Қазақтың әйгілі кішкентай шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік қалай сұлу аруға айналды

Қазақтың әйгілі шахматшы қызы Жансая Әбдімәлікті білмейтін жан кемде кем. 6 жасынан шахмат ойынына әуестенген қыз бүгінде 21 жасқа толған. Елдің көз алдында өскен танымал шахматшы қалай бойжеткен аруға айналды.

  • 3 Маусым 2021
  • 4366
Фото - Caravan.kz

Ақыл парасатымен ғана емес, көрікті келбетімен де көптің көзайымына айналып жүрген бойжеткен бос уақытын қалай өткізеді?

Caravan.kz медиа порталы Жансая Әбдімәліктің жеке өмірі туралы анықтап көрді.

Мысалы, Жансая Әбдімәлік ел қатарлы туған-туыстарымен көңілді кештер өткізгенді ұнатады. Ет жақындарымен түскен суреттері баршылық.

Бүгінде 21 ден асқан ару түрлі көйлектер киіп фотосессия жасап тұрады. Әсіресе оның бойжеткен кездегі кейінгі суреттері көпшіліктің таңданысын тудырып жүр.

Әлемге әйгілі шахматшы қыз достарымен де жиі бас қосып,табиғат аясында серуендейді.

 

Еліміздің тарихи орындары мен киелі жерлеріне де барғанды жөн санайды.

Жансая Әбдімәлік танымал адамдардың қанатты сөздерін жиі қолданады. Мысалы, ол Стив Джобстың "Ешқашан өзгенің пікірі адамның өзіндік ішкі ойына, түйсігіне кедергі болмау керек" деген қағиданы ұстанады.

Жансая Әбдімәлік – алты жасын­да-ақ Алматы чемпионы, 7 жасын­да Қазақстан чемпионы атанды. Осы жасында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Азия біріншілігінде 7-орынды иеленеді. 2007 жылы спорт шеберлігіне кандидат атанып көзге түседі.

2019 жылы Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі әлемдегі ең үздік шахматшы атанды. Ол классикалық, рапид (жедел шахмат) және блиц бойынша ЭЛО рейтингінде көш бастап тұрды.

Он төрт жасында әйел гроссмейстер атанған Жансая күні кеше халықаралық гроссмейстер атанды. Оны ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Соңғы жаңалықтар