Жарияланды: 940

Қазақтың ұлы сардары Баян батырдың туғанына 300 жыл

Қазақтың ұлы сардары Баян батырдың туғанына 300 жыл

Қазақ тарихындағы ірі тұлғалардың бірі Баян батырдың ел үшін атқарған ерлік істері орасан.

Елдің амандығы, жердің тұтастығы үшін жанын шүберекке түйіп, жасанған жауға қарсы жасаған батыл қолбасшылық қимылдары, ұтымды шешімдері мен жеңісті жекпе жектері үшін Баян батырды бүгінгі ұрпағы айрықша рухты тұлға ретінде таниды. Туған ел үшін, атамекен жер үшін жанын аямаған қаһарман ұлын халық ешқашан ұмытпайды. Алдағы келе жатқан батырдың 300 жылдық мерейтойы елдің еңсе көтерер ерекше тойы болмақ, деп жазады kaznews.mn. Шоқан Уәлиханов: Абылай ханнан барлық үш жүздегі өз батырларынан қайсысын ерекше құрметтейтіндігі туралы сұрағанда ол: «..Менің батырларымның байлығы мен мінезі жағынан бәсентиін Малайсары және ержүректілігі жағынан уақ Баян барлығынан биік тұр» деп жауап беріпті. Қазақ Мемлекетінің ізін қалаған ұлы Абылай ханның сенімді серігі болған, өзінің алғырлығымен, тапқырлығымен ел іргесін жаудан қорғауда көзсіз ерлік көрсеткен батыр Баян Қасаболатұлының есімі қазақ тарихында ерекше аталуы қажет. Осыған орай «Баян батыр» қоғамдық қоры ашылып, ата баба өнегесіне, Алаш тарихына, бабалардың аруағына деген перзенттік парызын терең түсінетін ел азаматтары Ер Қосай мен Ер Көкше, Қылды батыр мен Өтеміс батыр, Баян батыр мен Ер Сары батырлардың ерлік рухы мен тарихын ұлықтау мақсатында руханияттық шараларды атқаруды жоспарлап отыр. Соның бірегейі - арыстан жүректі қазақ сардары Баян батыр есімін ұлықтау.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін