Қазақтың үш биінің ескерткішіне шығып алып суретке түскен қытай жігіті кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың үш биінің ескерткішіне шығып алып суретке түскен қытай жігіті кешірім сұрады

Қазақтың үш биінің ескерткішіне шығып алып суретке түскен қытай жігіті кешірім сұрады

Бұл сурет әлеуметтік желіде таралған еді. Онда бір жігіт Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткішінің үстіне шығып алған. 

  • 28 Сәуiр 2017
  • 1240
Фото - Caravan.kz

Ал әлеуметттік желі қолданушылары бұл Қытай азаматы болуы мүмкін деп болжады, деп хабарлайды Caravan.kz. Шынымен де солай боп шығып отыр. Фейсбуктің Беделбек Сайланбек есімді қолданушысы оның әлгі ерсі қылығы үшін кешірім сұрап тұрған видеосын жариялады. 

"Үш бидің төбесіне шыққан қытай қазақ халқынан кешірім сұрады. Маған келіп түскен ақпарат бойынша, бұл мүсін Қытайдың Гансу өлкесі Ақсай ауданында тұрғызылған екен" деп жазды Б.Сайланбек.


Үш бидің төбесіне шыққан қытай қазақ халқынан кешірім сұрады. маған келіп түскен ақпарат бойынша Бұл мүсін қытайдың Гансу өлкесі Ақсай ауданында тұрғызылған екен.

Posted by Bedelbek Sailanbek on Thursday, April 27, 2017

Соңғы жаңалықтар