«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы уран өндіру көлемін арттырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы уран өндіру көлемін арттырады

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы уран өндіру көлемін арттырады

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» уран өндіру көлемін аздап арттырады.

  • 8 Қазан 2015
  • 1093
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациясы: проблемалар мен оларды іске асыру жолдары» атты «Эксперт» клубының отырысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ядролық-отын циклі жөніндегі басқарушы директоры Сергей Полторацкий мәлім етті.

Компанияда уран өндіру келісімшарттық міндеттемелермен регламенттелгеніне тоқталған ол: «Шарттарға сәйкес, біз осы міндеттерімізді орындаймыз. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда уран өндіруде аздап өсім болады. Өткен жылы бізде ол 22 827 тоннаны құраса, биыл 23 мың тоннаға жуық. Кеніштер өздерінің жоспарлы өндіру көлеміне шығып отыр», — деді. 
Сонымен қатар ол жиын барысында Қазақстан әлемдік нарыққа 35-40 пайыз көлемінде қажетті уран шығарып отырғандығын атап өтті. Еліміздегі уран қоры шамамен 80-100 жылға жететін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар