«Қазавиақұтқару» мекемесінің қызметкерлер алдындағы қарызы 40 млн теңгеден асып жығылады
Алматының авиациялық көлік прокуратурасы «Қазавиақұтқару» АҚ қызметін тексеру барысында 288 жұмысшының жалақысы уақытылы төленбегендігін анықтады. |
Бас прокуратура баспасөз қызметінің бейсенбідегі ақпарына қарағанда, мекеме қызметкерлеріне биылғы жылдың наурыз-сәуір айларында жалақы төлемеген. Жалпы қарыз 71 млн теңге.
Прокуратураның ескертуінен кейін компания қарыздың бір бөлігін өтеді. Яғни, жұмысшыларға наурыз айы үшін 27 млн теңгеден астам ақша төленді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін