"Қазфосфат" ЖШС Таразда күкірт қышқылы жүйесі мен күкірт қышқылын өндіруді жобалау цехын іске қосты. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жаңа цехтың өндіріс қуаттылығы жылына 600 мың тонна күкірт қышқылын құрайды. Жоба құны – 14 млрд теңге.
Жоба үдемелі индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған. Жаңа цехтың ашылу слатанатына облыс әкімі Қанат Бозымбаев қатысты.
Жаңа нысанды салу кезінде 350 жұмыс орны ашылды, ал цехтың іске қосылуымен 138 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Жамбыл облысында Индустрияландыру картасы шеңберінде 546,7 млрд теңге жалпы сомаға 38 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, бұл нысандарда 6 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері облыста жеті жоба жүзеге асырылды.
Бұрын хабарланғандай, 2011 жылы мамыр айында Қазфосфат, "HSBC банк Қазақстан" еншілес банкі және АТФБанк күкірт қышқылын өндіретін цех құрылысына 50 млн АҚШ доллары мөлшерінде займ беру туралы келісімге қол қойған болатын.
Жобаның өтемділік мерзімі екі жарым жылды құрайды. Дайын өнімді қазақстандық нарықпен қоса, ТМД, Еуропа, Қытай елдеріне жеткізу жоспарланған.
Қазфосфаттың негізгі қызмет түрі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфор кенін өндіру және өңдеу, сары фосфор мен оның өнімдерін, фосфорлы минералдық тыңайтқыштар мен жем-шөп фосфаттарын тарату болып табылады.