«Қазғарыш» қарызын қайтара алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазғарыш» қарызын қайтара алмай жүр

«Қазғарыш» қарызын қайтара алмай жүр

«Қазғарыш»  «Бәйтерек» зымыран кешеніне берілген несиені қайтара алмай отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен 223 миллион доллар бөлінген екен. Бүгін Талғат Мұсабаев Мәжіліске сол қарызды өтеудің уақытын тағы 4 жылға созуды сұрап келді.

  • 7 Мамыр 2015
  • 400
Фото - Caravan.kz

Жалпы, «Бәйтерек» Байқоңыр айлағынан салыну керек еді. 10 жыл бұрын Ресей мен Қазақстан ғарышқа экологиялық қауіпсіз зымыран ұшыру үшін жаңа кешен салу туралы келісім жасаған. Бірақ, белгісіз себептермен бұл жоба сағызша созылып, әлі күнге дейін аяқталған жоқ. Ал, техникалық құжаттарды дайындау үшін несиеге алынған қыруар қаржының 80 миллионы жұмсалып кеткен. Енді «Қазғарыш» сол несиені қалай қайтарарын білмей  отыр. Биыл жыл басында Астана мен Мәскеу «Бәйтерек» кешенінің құрылысын жалғастыру туралы жаңа келісімге келген болатын. Осы аралықта «Роскосмостың» басшылары ауысып, жобаның құнын 2 миллиард долларға қымбаттатып жіберген. Енді Мұсабаев бұл кешеннің Қазақстанға пайдасы бар ма деген мәселе төңірегінде бас қатырып жатқанын жасырмады.

Талғат Мұсабаев,
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, Аэроғарыш комитетінің төрағасы:

-Өкінішке қарай «Бәйтерек» ғарыш кешенін салу туралы үкіметаралық келісім жасалғанда біздің тарапымыздан сапалы, кәсіби түрде құжат дайындайтын адам болмаған. Салдарынан келісімде барлық жауапкершілік, соның ішінде қаржыландыру да Қазақстанның мойнына ілінген. Ал, Ресейдің еш қатысы жоқ. Бірақ, «Бәйтерек» екі елге ортақ жоба.