Жарияланды: 460

Қазгидромет бүкіл Қазақстан аумағы бойынша күн суытады деп ескертеді

Қазгидромет РМК бүкіл Қазақстан аумағы бойынша күн суытады деп ескертеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі хабарлайды.

22-24- қыркүйекте Батыс Қазақстан, 23-24 -қыркүйекте Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, 24-қыркүйекте түнде Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауаның температурасы кей жерлерде 0-2 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Осыған байланысты ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің басшылығы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаларына халыққа осы жөнінде хабарлама таратып, адам шығынына жол бермеуге шаралар қолдануды тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін