Қажылық сапарға баруға ниет еткен Оңтүстік Қазақстандықтарды Меккеге жеткізу мәселесімен айналысқан Ауғанстан азаматына іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылық сапарға баруға ниет еткен Оңтүстік Қазақстандықтарды Меккеге жеткізу мәселесімен айналысқан Ауғанстан азаматына іздеу жарияланды

Қажылық сапарға баруға ниет еткен Оңтүстік Қазақстандықтарды Меккеге жеткізу мәселесімен айналысқан Ауғанстан азаматына іздеу жарияланды

Қажылық сапарға баруға ниет еткен Оңтүстік Қазақстандықтарды Меккеге жеткізу мәселесімен айналысқан Ауғанстан азаматы Мирваис Дадвалға Оңтүстік Қазақтан облыстық тәртіп сақшылары іздеу жариялады. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2004
  • 459
Фото - Caravan.kz

35 жастағы М.Дадвал Оңтүстік Қазақстандық «Ордабасы- НЖ» туристік фирмасының делдалы ретінде Қазақстаннан Карачиге дейін ұшақ жалдап, одан әрі еліміз азаматтарын басқа ұшақпен Джиддаға дейін жеткізуі тиіс болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысынан қажылық сапарға ниет еткен 105 адам 21-қаңтарда ұшуға тиіс еді. Алайда, жолға шығу үшін әуежайға келген адамдарға ұшақтың ұшу мерзімі кейінге шегерілгені хабарланған. Оған себеп ретінде бірнеше түрлі сылтау алға тартылыпты. Екі тәуліктен кейін фирма басшылығы ұшақтарға арнап жанармай сатып алуға және қажылық сапарға шыққандардың Карачиге жетуіне арналған ақшаны алған М.Дадвалдың кенеттен ғайып болғанын мойындаған. Соңынан белгілі болғанындай, ол елімізден ұшақ жалдау төлеміне 28 мың доллар төлеген, бірақ ұшақ жанармайына арналған тағы да 40 мыңдай доллар оның қолында қалуы тиіс көрінеді.
23 және 24-қаңтарда облыстық әкімшіліктің араласуымен қажыға баратын адамдарды Дубай рейсіне отырғызуға мүмкіндік жасалды. Сол үшін туристік фирмаға әрбір адамға 150 доллардан төлеуге тура келді. Ал бұған дейін компания қажыға баратындардан 1700 доллардан жинап алған болатын.
Қазір полиция қызметкерлері М.Дадвалдың зым-зия жоғалуына екі түрлі себеп бар деген жорамал жасауда. Бірінші себепке жүгінсек, Ауғанстан азаматы ақшаны алып ізін жасырса, ал екінші бір ықтимал себебі — оның өз басы қатерге ұшыраған болуы мүмкін.
Көші-қон полициясының мәліметіне сәйкес, М.Дадвал Қазақстанда тіркелмегендіктен оның визасы болмаған. Оның Шымкентте жалдап тұрған пәтерінен полиция қызметкерлері 2004-жылдың 16-қаңтарында Ауғанстанда берілген шетелдік төлқұжат тауып алды.

Соңғы жаңалықтар