Қажылық жасауға тыйым салына ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажылық жасауға тыйым салына ма?

Қажылық жасауға тыйым салына ма?

Елiмiзде қажылық жасауға тыйым салынбайды. Бұл туралы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi төрағасының оры

  • 23 Қыркүйек 2016
  • 591
Фото - Caravan.kz

Елiмiзде қажылық жасауға тыйым салынбайды. Бұл туралы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi

Маманның айтуынша, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасы аясында дiни қауымдастық қазақстандықтардың қажылық жасау мәселесiн белсендi түрде талқылап жатыр.+

«Министрлiк қажылық жасауға тыйым салмайды. Жаңа заң жобасында дiни туризм деген құқықтық норма бар. Бiз заң жобасында дiни туризм туралы нақтылайтын нормаларды енгiзуге бастама жасадық. Ешкiм қажылыққа тыйым салмайды, бiрақ, бұл Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының келiсiмiмен жүзеге асуы тиiс», — дейдi Ғ.Абзалбек.


Оның айтуынша, қажылыққа барғандар шетелде дәстүрлi емес радикалды ағымдардың арбауына түсуi мүмкiн. Бұл мәселенi де ескеру қажет. Қажылыққа тыйым салынбайды, дiни басқарма биыл қажылық сапар ұйымдастырып, 3 мыңнан астам азамат барып келдi.

Соңғы жаңалықтар