Қазір аутистік бұзылыс белгілері бар балалар көбейіп кеткен - логопед маман - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір аутистік бұзылыс белгілері бар балалар көбейіп кеткен - логопед маман

Қазір аутистік бұзылыс белгілері бар балалар көбейіп кеткен - логопед маман

Кейінгі жылдары логопед мамандарға сұраныс едәуір артты. Мамандар мұның себебін кеш сөйлейтін балалардың көбеюімен байланыстырады. Бала тілінің кеш шығуына не әсер етеді? Ата-ана қандай жағдайда логопед маманға жүгіну керек?  

  • 25 Мамыр 2023
  • 459
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де сұрақтарды Caravan.kz медиа порталының тілшісі логопед-дефектолог маман Шолпан Аянғалиқызына қойып көрген еді.

—  Логопед маманға қандай жағдайларда жүгіну керек?

Бұрын біз логопед маманның көмегіне бала төрт  жастан бастап жүгіну керек деген қағиданы ұстанатынбыз. Яғни, бала сол жаста сөйлесе де норма болып саналатын. Ол осыдан он жыл бұрын еді. Ал қазір ақпараттық технологиялардың дамыған заманында ол қағида ескірді. Сол себепті қазір біз бір жас жеті айынан бастап қарай береміз. Себебі, қазір  аутизм, зпр, таным деңгейі төмен балалар көбейіп кеткен.  

— Ондай балалардың көбеюіне не себеп?

Жалпы баланың сөйлеуіне әсер ететін ең негізгі әрі маңызды фактор бұл – құрсақтағы кезең. Бір сөзбен айтқанда ананың саулығы. Мысалы, анада инфекция немесе анемия болса ол баланың сөйлеу қабілетін тежеуге алып келеді. Босану кезіндегі жағдайлар да балаға әсер етеді. Ана босанып жатқанда қандай да бір жарақат алса, соның салдарынан баланың сөйлеу қабілеті нашар болуы мүмкін. Одан кейінгі фактор босанғаннан кейінгі кезең. Оны педагогикалық салғырттық деп атаймыз. Бұған ата-ананың үнемі балаға телефон секілді түрлі гаджеттер беріп қоюы немесе теледидардың алдында ұстауы, үйде көп сөйлеспеуі, яғни коммуникацияның аздығы жатады.

 —  Идеалды жағдайда баланың тілі неше жаста шығады?  

Жалпы бүгінге дейін идеалды жағдайда, қалыпты деңгейде бір  жастағы бала он сөз сөйлеу керек дейтінбіз. Қазір бұл норма да өзгерді. Бүгінгі таңда бала 1 жаста еліктеу сөздерін айтса болды дейміз. Ол дегеніміз «ням-ням» секілді еліктеу сөздері арқылы баланың қоршаған орта туралы түсінігі қалыптасқанын анықтаймыз. Негізі бір жастағы бала он сөз білуі, екі жастағы бала екі сөздің басын қосуы, үш жастағы бала үш сөздің басын қосып айтуы, төрт жастағы бала ойын толық жеткізуі керек.

—  Қазір бірнеше күндік курс оқып, логопед маман болып жұмыс жасап жатқандар көп. Олар қаншалықты сапалы жұмыс жасай алады?

Бұл өте актуалды сұрақ. Өйткені қазір логопед мамандар өте үлкен сұранысқа ие болып отыр. Осының әсерінен екінің бірі курс өткізіп жатыр. Сондай онлайн курстарды оқып алып сертификатпен ғана жұмыс істейтіндер көбейіп кетті. Логопед маникюрді немесе кірпікті оқып алғандай қылып жұмыс істей беретін мамандық емес. Бұл медицина мен педагогика саласының ұштасқан мамандығы. Логопед маман баланың жоғары жүйке жүйесін толық меңгеруі керек. Ал, педагогикалық жағынан сол жүйке жүйеге қалай әсер ету керек екенін білуі тиіс. Осындай дағды мен қабілетті бір курс оқып-ақ меңгеріп, маман боламын  деу мүлде дұрыс емес. Себебі, Л

—  Ата-ананың балаға ұрысуы және бірге уақыт өткізбеуі оның сөйлеуіне әсерін тигізе ме?

Ата-ана балаға агерессия көрсетпеуі керек. Бірақ коррекция тәртіпті қажет етеді.  Тәртіп жоқ жерде балада ешқандай нәтиже болмайды. Қандай бала болсып тіпті, ақыл деңгейі өте төмен болса да тәртіп болмаса нәтиже шығару қиын. Еркелік пен ата-ана тарапынан өбектеу шектен тыс болмау керек. Тек қана тәртіптің арқасында баланың сөйлеуін қалыпқа келтіруге болады. Тәртіпті әркім әрқалай түсінеді ғой. Бұл жерде мен ұрып-соғуды айтып тұрған жоқпын.  Ата-ана баланың жетегінде кетпей, ненің дұрыс ненің бұрыс екенін сөзбен немесе іс-әркетпен көрсете алуы керек.  Мысалы, бала телефон сұраса оны бірден бере салмай оны басқа пайдалы дүниемен алмастыра алуы керек.

— Баланың сөйлеу қабілеті дұрыс дамуы үшін ата-аналарға қандай кеңес бересіз?

Ең бірінші, ата-ана күнделікті және тұрақты түрде бір уақытта 10-15 минут балаға уақыт арнауы жеткілікті. Себебі, ата-ана да шаршап қалмауы керек. Ол дегеніміз бірге сабақ оқу, ойнау. Мысалы, бірге шәй ішу, торт жасау, дәрігер болу  секілді өтірік ойындарды ойнау керек.  Мұндай рөлдік ойындар баланың дамуына, таным деңгейіне, сөйлеу қабілетіне жақсы әсер етеді.  Одан бөлек әр іс-әрекетке пікір білдіру керек. Мысалы, сабынды алдық, кранды ашамыз, қолымыз жуамыз деген секілді.  Ата-ана тарапынан болатын осындай көмектің барлығы бала үшін үлкен қор болып жиналып, оның сөйлеуіне көп көмегін тигізеді.

Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар