Жарияланды: 490

Қазір грузин-осетин шиеленісінің зардаптарын жоюдың жайын ойластырған жөн - Назарбаев

Астана. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазір грузин-осетин шиеленісінің зардаптарын жоюдың жайын ойластырған жөн. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында журналистер сауалына берген жауабында атап көрсетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір шиеленістің зардаптарын жоюдың жайын ойластырған жөн. Ол үшін "Медведев - Саркози" бағдарламасы бар, Еуропалық одақ бұл мәселені шешу үшін аймақта байқаушылар контингентін, соның ішінде Қазақстан контингенті де бар, орналастыру жайлы шешім қабылдауда", -деді Н.Назарбаев. "Біз үшін оның саяси және экономикалық мәні бар, біз Кавказ арқылы мұнай сатамыз, бізде жақсы жоспарлар бар, біздің иелігімізде ең терең Батуми айлағы бар, онда терминал салуды, Кавказ арқылы өтетін тікелей мұнай құбырының құрылысына инвестиция салуды ниет еткен едік", - деді президент Баку - Тбилиси - Жейхан мұнай құбырын еске салып. "Енді оқиғаның қалай өрбитінін ойлау қажет. Кез-келген соғыс бейбітшілікпен аяқталады, осындағы оқиға да сол үрдіспен дамиды деп ойлаймын", -деді Қазақстан президенті. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін