Қазір келіннің бетін көрсетіп тұрып бет ашатын болыпты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазір келіннің бетін көрсетіп тұрып бет ашатын болыпты

Қазір келіннің бетін көрсетіп тұрып бет ашатын болыпты

«Әкесін сабағанды көріп едім, бірақ әкесін арбаға байлап қойып сабағанды бірінші рет көруім» деген екен баяғыда бір бейбақ. Сол айтқандай, келіннің бетін үйлену тойында ашқанды да көріп едік, бірақ бетін көрсетіп тұрып ашқанды бірінші рет көруіміз.

  • 19 Қараша 2016
  • 8032
Фото - Caravan.kz

Фейсбукті белсенді қолданушылардың бірі – Нәдира Сәрсенбаева бір қызық видеоны жариялады. Онда той үстіндегі беташар көрсетілген. Қазақ мұндай беташарға да бой үйрете бастады. Бірақ мынау олардан да өзгеше. Келіннің беті ашық. Тіпті кеуде тұсына дейін ашық. Тек екі әйел (жеңгелері болуы керек) алдын селдір матамен жауып тұр. Әрине, одан адамның түрі көрінеді.

Ең қызығы, бет ашушы жігіт бірінші рет «бір сәлем» дегенде келін қозғалған жоқ. Екінші рет айтқанда барып жеңгелері ым жасаған соң сәл төмендеп, ырымын жасады.  

Caravan.kz  медиа-порталы той үстінде беташар жасаудың ерсілігі туралы бірінші рет айтып отырған жоқ. Белгілі журналист Марат Тоқашбаевтың да осыған қатысты ойын жариялаған болатынбыз.


Осындай беташар бола ма не😳🙄

Posted by Надира Сарсенбаева on Friday, November 18, 2016

Соңғы жаңалықтар