«Қазіргі әлемдік экономикадағы дағдарыс көрпеге қарай көсілмеудің кесірі неге әкелетінін қатаң ескертті», — деді Н. Назарбаев.
«Дамыған елдердің сарапшылары мен банкирлерінің айтуынша, бұл — кейінгі 100 жылдағы ең терең әрі ғаламдық дағдарыс, сонымен бірге, АҚШ, Еуропа және Жапония секілді ірі экономикалар рецессияға біруақытта бұрын-соңды тап келіп көрген жоқ», -деді ол.
Сонымен бірге, президент «бұл оқиғаның пайдалы жақтары да бар екенін» де жоққа шығармайды. «Әлемдік экономиканың даму моделі мен оны реттеу негіздері заңды өзгеріп келеді», -деді ол.
«Басқа мемлекеттердің есебінен немесе оларды қайыршылық күйге түсіре отырып шелейе баюға болмайды. Дағдарыс көпшілікті тәубасына түсірді және түсіреді де, әсіресе, ашықтан-ашық спекуляциямен айналысқандарды, соның ішінде біздің елімізде де осындаймен шұғылданғандарды аспаннан жерге түсірді», — деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті