Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс көрпеге қарай көсілмеудің кесірі неге әкелетінін ескерту болып табылады - Назарбаев (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс көрпеге қарай көсілмеудің кесірі неге әкелетінін ескерту болып табылады - Назарбаев (толық нұсқасы)

Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс көрпеге қарай көсілмеудің кесірі неге әкелетінін ескерту болып табылады - Назарбаев (толық нұсқасы)

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі әлемдік қаржылық дағдарыс көрпеге қарай көсілмеудің кесірі неге әкелетінін ескерту болып табылады. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қараша 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі әлемдік экономикадағы дағдарыс көрпеге қарай көсілмеудің кесірі неге әкелетінін қатаң ескертті», — деді Н. Назарбаев.

«Дамыған елдердің сарапшылары мен банкирлерінің айтуынша, бұл — кейінгі 100 жылдағы ең терең әрі ғаламдық дағдарыс, сонымен бірге, АҚШ, Еуропа және Жапония секілді ірі экономикалар рецессияға біруақытта бұрын-соңды тап келіп көрген жоқ», -деді ол.

Сонымен бірге, президент «бұл оқиғаның пайдалы жақтары да бар екенін» де жоққа шығармайды. «Әлемдік экономиканың даму моделі мен оны реттеу негіздері заңды өзгеріп келеді», -деді ол.

«Басқа мемлекеттердің есебінен немесе оларды қайыршылық күйге түсіре отырып баюға болмайды. Дағдарыс көпшілікті тәубасына түсірді және түсіреді де, әсіресе, ашықтан-ашық спекуляциямен айналысқандарды, соның ішінде біздің елімізде де осындаймен шұғылданғандарды аспаннан жерге түсірді», — деді президент.

Н. Назарбаевтың пайымдауынша, қаржылық дағдарыстың кері әсерлерін Қазақстанның да сезінуі «біздің әлемдік экономиканың ажырамас бір бөлігіне айналғанымызды және барлық ғаламдық процесстерге атсалысып отырғанымызды» дәлелдейді.

«Елімізде тұрақтандыру қорының болуы арқасында үкімет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдаудың кезек күттірмес шараларының жоспарын шұғыл түрде жасап жүзеге асыруда. Біз ұлттық қауіпсіздік, ішкі тұрақтылықты сақтау және шекараны бойлай қауіпсіздікті нығайту мәселесіне назар шоғырлдандыруға тиіспіз», — деді мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар