Қазіргі енелер маған семіз келін келсе деп армандайды - массажист - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазіргі енелер маған семіз келін келсе деп армандайды - массажист

Қазіргі енелер маған семіз келін келсе деп армандайды - массажист

Массажист Мунира Әтіретханқызы ененің келін таңдаудағы қателіктерін айтты. 

  • 17 Қаңтар 2023
  • 79
Фото - Caravan.kz

Келін болуға семіз, не арық болмау керек, дейді массажист. 

"Енелерге қандай келін керек?
Армысыздар дәулетті оқырмандарым Қазіргі енелер маған семіз келін келсін деп армандайды екен.
Олардың ойынша келін семіз, аяқ-қолы балғадай, жұмысқа икемді, торсықтай баланы да таба беретін болса дейді
Мен не айтам?
Бұл ойдан тайыңыздар Семіз ат бәйгеге түскенін көрмеппін. Ішкі ағзаларының бәрін май басып кеткен олардың. Арық десек те, кей адамдардың көзіне жақсы көріне бермейді.
«Тырыйған»-деп шыға келеміз ғой, иә? Бізге семіз де, тым арық та керек емес. Бастысы денесінде күші бар келін керек Ал, жоғарыдағы екеуінде де күш болмайды. Ал, енді денедегі күш қайдан пайда болады.
Күш деген — ол адамның энергиясы. Ата-анасының ұрысын көрмеген, құрсаққа енді біткен кезде жақсы ниетпен, жақсы дұғамен алынған, Алладан тіленген адамның энергиясы зор болады. Ондай адамды кездестірсеңіз, бірден қуатын байқайсыз.

Сондықтан, келін іздеп жүрсеңіз энергиясына қатты мән беріңіз. Ісіне сенімді, оған жауап бере алатын, ісі мен әрекеті сәйкес болып тұратын келін болсын бастысы. Сіздер келін талдағанда неге жүгінген едіңіз, немесе кәзіргі келніңіз қандай? Неше келніңіз бар?", деп жазды. 


Соңғы жаңалықтар