Жарияланды: 50

"Қазмедиада" карантин жарияланды: "Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталды

"Қазмедиада" карантин жарияланды: "Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Қазмедиа" орталығында жұмыс істейтін "Еуразия" телеарнасының екі қызметкерінен коронавирус анықталған.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдын-алу мақсатында 18-20 мамыр аралығында Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығы» ғимаратында жұмыс істейтін 200-ге жуық қызметкер COVID-19 сынағынан өткен.

«Евразия Бірінші арнасының екі қызметкерінде коронавирус анықталды. Олар ауруханаға жіберілді. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы қатаң режимге көшті. Арна басшылығы жұмысшыларды мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыруы керек», - деді әкімдік.

Сонымен қатар, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында 22 мамыр мен 7 маусым аралығында ғимаратқа кіруге қатаң карантиндік шаралар мен шектеулер енгізілген.

Орталық қызметкерлері барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтауға міндетті: маска киіп, қолдарын тазалап, қашықтық сақтап, дезинфекциялау құралдарын пайдаланып дымқыл тазалауды жүргізіп жүруі тиіс.

Сондай-ақ, «Қазмедиа» орталығының әкімшілігі "Еуразия" арнасы басшылығына ғимаратқа келетін қызметкерлер санын азайтып, жұмысшылардың көпшілігін қашықтан жұмысқа жіберуді ұсынды.