Бұл туралы Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«Біз белгіленген бағаны ұстап тұрмыз. (…) Зауытарымыз толыққанды жұмыс істеп жатыр. Ресейден белгілі бір мөлшерде мұнай өнімдерін алу туралы келісімдер бекітілген, сол жеткілікті. Жылдың ортасына дейін алаңдамауға болады. Оған дейін біз де Ресейден мұнай жеткізу тетіктерін пысықтап аламыз», — деді ол жұма күні журналистерге.
«Қазір ішкі рынокты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті «ҚазМұнайГазға» жүктелген. Ұлттық компания бағаны сақтап қалу үшін аздап шығынға ұрыну қажет болса, оған да барады», — деді Ұ.Қарабалин.