Ztb.kz атты танымал парақшада "Отандық өнім" деп аталған бейнероликте "Буратино" лимонадын жасау барысы көрсетілген. Оның қай қалада, қай зауытта түсірілгені белгісіз. Алайда бірден бірден антисанитариялық жағдай мен ескірген жабдықтар көзге түседі, — деп хабарлайды Caravan.kz
"Мынау масқара ғой, енді Буратиноны ешқашан да ішпеймін", "Қай жерде екен? Осындайдан кейін бұны балалар тұрмақ, біз қалай ішеміз?", "Құрсын бұндай тәтті лимонадтары" , — деп көрермендер бірден бас салды. Алайда бұл жазбаның шындығына күмән білдіргендер де болды.
Біз өз кезегімізде күмән білдірушілер қатарына кірген комментаторлар шындыққа біртабан жақын қалғанына сенімімізді білдіреміз.