Жарияланды: 420

Қазнеттегі бандылар немесе ең атақты вайнерлер несімен танылды

Қазнеттегі бандылар немесе ең атақты вайнерлер несімен танылды

Әр буынның өз қаhармандары болады. Дегенмен, алдынғы буын өкілдерінің кейінгілердің батырларына күле қарайтыны мәлім. Мәселен, қазірдің өзінде «танымал вайнерлер» немесе «мықты видеоблогер» десең 30-ды алқымадаған жандар тыжырынып қарайды.

Әйтседе жүздеген мың қаралым жинап, миллиондаған жазылушысы бар вайнерлер мен видеоблогерлер осы заманның нағыз жұлдыздары. Сондықтан Caravan.kz медиа-порталы menshealth.kz-ға сілтеме қазнетте ерекше сұранысқа ие командалардың қысқаша тізімін ұсынады.

YuFrame

Қазіргі кезде олардың парақшасына 3 миллионнан артық адам жазылған. Жиырмадан енді асқан бес адамнан тұратын топтың қалайша республикалық телеарнаның аудиториясына тең адам жинағаны түсініксіз. Бірақ бұл шындық. Бүгінде YuFrame Инстаграмдағы жай ғана вайнерлер тобы емес, кішілермен қатар аға буынды да тартып жатқан жемісті бизнес-жоба.

Инстрагамда дүниеге келген команда Ютуб желісінде де қанатын кең жайғысы келді. Бірақ бұл жерде олардың жетістігі алғашқыдай болмады. YuFrame-TV жобасы шикілеу көрінеді.

Офлайн өмірде YuFrame-нің қыздары мен жігіттерінде бургер дайындайтын жер, YuStudy атты білім орталығы және гүл шоқтарын жеткізетін қызмет түрлері бар. Бұған қоса юфреймдіктердің отандық шоу-бизнес өкілдері сияқты кино саласына қатысты да жоспарлары бар көрінеді.

Jokeasses

YuFrame командасының атауын өзге вайнерлік топтың мүшесі Jokeasses тобындағы Назим Мисанов ойлап тапқан. Екі топта инстаграмда бір уақытта пайда болды. Бірақ YuFrame бір сәтті алға кетіп қалды. Қазір медиа-кеңістік бизнес жоба ретінде қарастырылуда. Ал Jokeasses 800 мың жазылушысымен әлі күнге дейін видеоформаттағы студенттік КВН командасы сияқты көрінеді.

Қазіргі кезде Jokeasses те ресми түрде 5 адам бар. Аты аталған Назым Мисанов басқа бағытты таңдаған. Дегенмен, вайнерлердің түрлі топтарынан көрініп жүр. Олар ең алғаш рет былтыр «Зың-зың» әніне рэп-компазиция түсірген кезде дүркіреп танылды.

Алма-ата, штат Небраска

«Алма-Ата, штат Небрасканың» алдыңғы екі топтан ерекшілігі олар ешқашан вайн түсірілімдерін жасамаған. Біржан Әшімнің роликтері арқасында ауқымды аудитория жинаған топ Ютуб желісін жаулауға бел шешті. Олардың танымал блогерлер мен шоу-бизнес жұлдыздарына жасаған әзіл ойындары көптің көңілінен шықты.

«Жесть» атауымен белгілі танымал пранк. Қазақтар мен орыстардың есеп айырысуы, Нұрлан Байділдаға қатысты пранк бүгінде 6 млн қаралым жинаған. Қапшағай тас жолындағы елес немесе «Ужас» ролигін 2 миллион адам қараған.

«Алма-ата, штат Небраска» уақыт өте ең танымал команда бола алар еді. Бірақ былтырдан бері Біржан Әшім топтың бір бөлігімен жобаден кетуді ұйғарды. Өкінішке орай Біржан кеткен соң бар жоғы бір-ақ видео шыққан және нәтижесі де ойдағыдай болған жоқ. Бүгінде «Алма-ата», штат Небраска» арнасында 230 мың жазылушы бар. Бұрынғы КВН тобының жігіттері

Ирина Қайратқызының шоуы

Ең саны аз (100 мың адам) сөйте тұра ең қзықты команда «Ирина Қайратқызының шоуы» астаналық тобы Ютубқа бір жыл бұрын келді. Және ең бірінші болып өзге вайнерлерді тықсыра бастады.

Бұрынғы КВН-шылардың ерекеше әзілі бейресми түрде ең рок-н-ролльді видеоблогерлер деген атақ әкелді. Дегенмен, шынтуайтында келген олардың скетчтерінің жартысынан көбісі 30 секундтан аспайды..

Оқи отырыңыз: 

Шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды
АҚШ-та оқитын қазақ жігіті қайғылы жағдайда көз жұмды
Қаскелеңдегі жартылай жалаңаш тәрбиеші оқиғасы бойынша тың мәліметтер пайда болды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть