Жарияланды: 420

Қазпочта зейнеткерлердің ағымдағы шоты бойынша есептемені SMS арқылы жібереді

Қазпочта зейнеткерлердің ағымдағы шоты бойынша есептемені SMS арқылы жібереді

«Қазпочта» АҚ клиенттердің зейнетақы шотынан қаражаттың түсіп немесе шешілгені жайлы есептемені SMS арқылы жіберу қызметін іске қосқанын хабарлайды.

Қызмет бойынша қаражаттың түсетін күндері мен сомасын және барлық шығындарды қадағалауға мүмкіндік ашылады.

«Бұл сервис клиенттердің шоттарына алаяқтарға жол бермеуге және біздің қызметтермен пайдалануды анағұрлым ыңғайлатуға беттелген» - деп Байрам Азизов, «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы түсіндірді.

Осының алдында қаражаттың шотқа түскені жайлы хабарландыру қызметі іске қосылып, клиенттерге 700 мың шамасында SMS жіберілді.

Қызметті қосу үшін, Қазпочта бөлімшесіне жеке куәлікпен келіп, ұялы телефон нөмірін айтып, SMS арқылы «Қызмет қосылды» деген растауды қабылдау керек. Қызмет қолдану тегін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін