«Қазпошта» АҚ қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазпошта» АҚ қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды

«Қазпошта» АҚ қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Қаржы полициясы департаментінің «Қазпошта» АҚ Алматы облыстық филиалының Талғар аудандық желісінің Бесқайнар ауылындағы пошта байланысы бөлімінің бастығына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

  • 29 Мамыр 2014
  • 326
Фото - Caravan.kz

Қаржы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, пошта байланысы бөлімінің бастығы электр энергиясы, байланыс қызметі, несиені төлеу мен салық төлемдерін кассада кіріс қатарына енгізбеген. Онымен қоймай, зейнетақы, жәрдемақы мен жалақыны алу туралы   құжаттарында жалған қол қойып отырған. 

Жалпы пошта қызметкері 2 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған.


Өзіне сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін қолды ету мен жалған құжат жасағаны үшін бұл азаматшаның бар мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.