"Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы тауының мұзын күзетіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы тауының мұзын күзетіп отыр

"Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы тауының мұзын күзетіп отыр

Әсіресе шілде-тамыз айларында, мұз еріп өзен арнасы толады.

  • 10 Шiлде 2018
  • 19
Фото - Caravan.kz

Күн ыстықта "Қазселденқорғау" қызметкерлері Алматы тауларындағы су деңгейін жіті қадағалап отыр.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше, мұз белсенді түрде еритін уақытта жыл сайын қауіптің алдын алу үшін шаралар жүргізіледі. 

Әсіресе шілде-тамыз айларында, мұз еріп өзен арнасы толады. 

"Бұл кезеңге дайындалып жатырмыз. Сел жүру қаупі бар Алматы тауларына "Қазселденқорғау" бөлімшесін тікұшақтың көмегімен жібердік. Ол жаққа арнайы техника жолданды", – деді Иманқұлов.  


Бөлімшелер тау мұзын кезекпен күзетіп отыр. Олар 15 күнде бір рет ауысады. 

Соңғы жаңалықтар