«Тараптар жүк вагондарын жөндеуге қосалқы бөлшектерді дайындау және жеткізу, жүк вагондарын жөндеу қуатын арттыру, инновациялық технологияларды игеру және темір жол көлігі саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы уағдаласты», — деп көрсетілген «ҚазТемірТранс» баспасөз қызметінің хабарламасында.
Баспасөз релизінде сонымен қатар, қол қойылған меморандумның еліміздің темір жол кешенін дамыту мен жаңартуға бағытталған ҚТЖ ҰК стратегиялық мақсаттарына сай келетіні атап көрсетілген.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылдың басынан бері жүк вагондарының жетіспеушілігін азайту мақсатында 6 мың вагон жөндеуден өткізілген.
2007 жылы вагондардың пайдалану мерзімін ұзарту шараларының нәтижесінде «ҚазТемірТранс» 500 жартылай вагон, 400 платформа мен 35 цистернаны күрделі жөндеуден өткізген. 15 мыңнан астам жүк вагондары оларға төзімді элементтер орнату жолымен жаңартылған.
«ҚазТемірТранс» Қазақстандағы жүк вагондары паркінің ірі операторы болып табылады. Оның жүк паркі Қазақстан аумағындағы темір жол тасымалы көлемінің 56 пайызын іске асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті