«ҚазТрансОйл» АҚ ТОН-2 мұнай құбырының казақстандық учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстырын аяқтады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ҚазТрансОйл» АҚ ТОН-2 мұнай құбырының казақстандық учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстырын аяқтады

«ҚазТрансОйл» АҚ ТОН-2 мұнай құбырының казақстандық учаскесіндегі күрделі жөндеу жұмыстырын аяқтады

«ҚазТрансОйл» АҚ 2015 жылға жоспарланған жалпы ұзындығы 57,6 шақырым құрайтын

  • 2 Қараша 2015
  • 479
Фото - Caravan.kz


Туймазы-Омбы-Новосибирск-2 (ТОН-2) магистральдық мұнай құбырдың желілік бөліктің таңдамалы ауыстыру жөніндегі жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі.

Жұмыстар «Ақниет-БН» ЖШС-мен бекітілген мерзім ішінде 12 млрд теңге сомаға атқарылған болатын.

ТОН-2-дегі күрделі жөндеу жұмыстары мұнайды, оның ішінде ҚР мен РФ Үкіметтері арасындағы ресейлік мұнайды Казақстан Республикасы аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау саласындағы келісімге сәйкес Омбы-Прииртышск-Атасу-Алашаңқай бағыты бойынша айдалатын ресейлік мұнайды, құбырдың қазақстандық учаскесі бойынша сенімді тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп отыр.
ТОН-2 мұнай құбырының жеке учаскелерін күрделі жөндеуден өткізу 2014 жылдан бастап жүргізіліп отыр, ол кезде жалпы ұзындығы 40 шақырымға тең жеке учаскелері 5,3 млрд сомаға ауыстырылған болатын. 2014-2015 жылдарда жүргізілген жұмыстардың арқасында ТОН-2 магистральдық мұнай құбырының өткізгіштік қабілеттілігі жылына 10 млн. тоннаға жеткізілген болатын.
Жалпы ТОН-2 мұнай құбырын күрделі жөндеу жобасы шеңберінде құбырдың 185, шақырымын ауыстыруы жоспарланып отыр.
«ҚазТрансОйл» — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. «ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жалпы ұзындығы 185,57 км ТОН-2 магистральдық мұнай құбырдың қазақстандық учаскесі бойынша мұнай тасымалдауын 2007 жылдан бері жүзеге асырап отыр. 2014 жылда ресейлік мұнайды берілген құбыр бойымен транзиттеу көлемі 6,8 млн тоннаны құрды.