Жарияланды: 360

«ҚазТрансОйл» дивидендтері кем дегенде компанияның 40 пайыз таза пайдасын құрайтын болады

"ҚазТрансОйл" дивидендтерінің көлемі кем дегенде компанияның 40% таза пайдасын құрайтын болады.

Бұл туралы кеше Астанада өткен баспасөз мәслихатында компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті. "Біз дивидендтік саясатты өзгерттік. Енді компанияның кем дегенде 40%-ы дивидендтерді өтеуге бағытталады",-дейді Қ.Қабылдин. "Бұл көрсеткіш қазіргі уақытта Қазақстан қор биржасында орналастырылған компаниялардың арасында ең жоғары болып отыр",- дейді ол. Бұрын хабарланғандай, «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында 40 млн дана көлемінде қарапайым акциялардың қосымша эмиссиясын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл компания акцияларының жалпы сананың 10% құрайды. Акцияларға жазылу 6 қарашадан 5 желтоқсанға дейін жалғасатын болады. Қ.Қабылдиннің айтуынша, инвесторлар ішінен басымдық жеке салымшыларға беріледі, яғни ҚР азаматтарына, содан соң зейнетақы жинақтаушы қорлардың өтініштері қанағаттандырылады. Сонымен қатар, бір адам 7 000 000 теңгеден аспайтын сомаға КТО акциясын сатып алатындай шектеу қойылған. ҚТО бір қарапайым акциясының құны 725 теңгені құрайды. Ол UBS және «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ кеңесшілірінің кеңестері негізінде құралған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін