Қазыбек Құрайыш & Гүлсім Мырзабекова - Аяулым әнінің сөздері - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Қазыбек Құрайыш & Гүлсім Мырзабекова - Аяулым әнінің сөздері

Қазыбек Құрайыш & Гүлсім Мырзабекова - Аяулым әнінің сөздері

Әнші Гүлсім Мырзабекова және Қазыбек Құрайыш жақында тыңдармандарына жаңа ән тарту етті.

  • 9 Тамыз 2021
  • 2796
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz порталы назарларыңызға су жаңа әннің сөздерін ұсынады.

Қазыбек Құрайыш & Гүлсім Мырзабекова

Аяулым

Аяулым!
Өтіп жатыр сырын бүгіп баяу күн.
Теңізімнің тереңдігін байқадым,
Тұншығуға таяумын…

Аяулым!
Көңіліме түсті қанша қаяу мұң.
Жаңбыр келіп жуса менің бетімді,
Еріп кетер бояумын.

Аяулым!
Күйін кешпей Қозы менен Баянның.
Қанша түндер сергелдеңге ой түсті,
Тереземе таяндым.

Аяулым!


Шамшырағым қайта жанар таяу күн.
Сені ойлап көз ілгенмен әр түнде,
Жүрегіммен ояумын

 

Соңғы жаңалықтар