"Қазына" ТДҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөледі - Дунаев (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазына" ТДҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөледі - Дунаев (толық нұсқасы)

"Қазына" ТДҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға 10 млрд теңге бөледі - Дунаев (толық нұсқасы)

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" ТДҚ" АҚ шағын және орта бизнестің пайдасы мол инвестициялық жобаларын тікелей қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруға жеңілдетілген шартпен 10 млрд теңге бөледі. Бұл туралы "Қазына" ТДҚ" басқармаларының төрағасы Арман Дунаев үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 18 Тамыз 2008
  • 619
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі жағдаймен екінші деңгейлі үш банк қана өңірлерде шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасына қатысады, соған қарамастан, біз «Қазынаның» өз аясы мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Даму» қоры аясында шешім қабылдап, жұмысты бастап жібердік, барлық қажетті нормативтік құжаттарды бекіттік, шағын және орта бизнестегі заңды тұлғалардың өңдеу өнеркәсібіндегі және транспорт саласындағы пайдасы мол инвестициялық жобаларын Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасы деңгейіндегі жеңілдетілген өсіммен қаржыландыру үшін тікелей несиелендіру бағдарламаларын бекіттік», — деді А. Дунаев.

«Бұл мақсаттарға біз 10 млрд теңге бөлеміз», — деді «Қазына» басшысы.

Бұл шарттарды «Даму» қорының директорларының кеңесі де бекіткен. «Жуырда біз осы бағдарлама аясына жататын жобаларды қарай бастаймыз», — деді А. Дунаев.

Өз кезегінде Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов А. Дунаев пен ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьникке «шағын бизнесті қолдау жөніндегі өз ұсыныстарын 1 аптада пысықтауды тапсырды».

«Бұл мәселені жауаптануды Өмірзақ Шүкеевке тапсырамын. Бір аптадан кейін экономиканы модернизациялау жөніндегі комиссияның шағын бизнесті дамытуға байланысты отырысын өткіземіз», деді үкімет басшысы.

«Расын айтқанда, мен қазір өзіміз атқарып жатқан шаруалардан артық не істеуге болатынын білмеймін, біз қолдан келгеннің бәрін де істедік», — деді премьер Қазақстанда шағын бизнесті қаржылық тұрғыдан қолдау үшін бюджет қаржысын бөлу жайына тоқтала келе.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар