Қазынадан бөлінген миллиардтаған қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазынадан бөлінген миллиардтаған қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр

Қазынадан бөлінген миллиардтаған қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр

 

  • 20 Маусым 2016
  • 536
Фото - Caravan.kz

 Қазынадан бөлінген миллиардтаған қаржы тиімсіз пайдаланылып отыр. Бірқатар экономистердің пайымдауынша, ол жеке секторлардағы кейбір кәсіпкерлердің жұмысын талдау барысында нақы көрінген.  Бұл туралы Сaravan.kz тілшісі хабарлады.

 Мәселен былтыр Республикалық бюджеттен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін өңірлерге  52,8 млрд.теңге трансферт бөлінді. Ал өңірлерде Арнайы экономикалық аймақтардың құрылысы мен  инфрақұрылымын салу үшін 2003 жылдан 2015 жылдар аралығында бюджеттен 237,9 млрд. теңге жұмсалған.

 Алайда, осы кезең аралығында Арнайы экономикалық аймақтар ел  экономикасы мен мемлекет бюджетіне айтарлықтай оң нәтиже берген жоқ

Себебі, көптеген кәсіпкерлер Үкіметтен бөлінген қаржыны өз мақсаттарында қолданбаған.  Бұған қос Үкімет күмәнді кәсіпкерлерге субсидия бөлген. Яғни «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында көтерме-бөлшек сауда кәсіпкерлігі, қонақ үй бизнесі, демалыс және ойын-сауықпен айналысатын кәсіпкерлер қазынадан қаржылай қолдау алған. Тіпті проблемалық несиелері бар, бюджетке салық төлемейтін, жұмыс орындарын ашпайтын кәсіпкерде де  субсидияға қол жеткізген.

«Сондықтан  осы өңірлердегі индустриялық аймақтарды дамытуға бағытталған  мемлекет қаражысы  тиімді жұмсалып, кәсіпкерлер сол инфрақұрылымдарда өз қызметін жандандырып, экономикаға үлес қосу керек. Ал осыған жұмсалатын қаражат қатаң бақылауға алыну керек», деген пікірде ҚР Мәжіліс дептаты Нұртай Сабилянов

2014 жылы арнайы бағдарлама бойынша 4 мыңға жуық кәсіпкерге 20,4 млрд.теңге  қаржы берілген. Әйтседе олардың тек 2 пайызығы ғана негізгі салықты төлеген. Ал былтыр осы бағдарлама аясында 26,7 млрд.теңге субсидия алған кәсіпкерлердің 40 пайызға жуығы мүлдем өндірістік саламен айналыспаған. Көпшілі алған қаражатты  көтерме-бөлшек саудасына, мүлікті жалға беру немесе қонақ үй бизнесі сияқты өзге салаға жұмсаған.

 Алынған мәліметтер бойынша салық түсімінің көбеюі немесе қосымша жұмыс орындардың ашылуы, жалақының көбеюі байқалмаған. Яғни бюджет қаражатының басым бөлігі тиімсіз пайдаланылған.


Осы тұрғыда мәжіліс депутаты Н. Сабилянов: «Жалпы, Үкімет кәсіпкерлерге бюджет қаражатын субсидия ретінде беруді тоқтатып, жеңілдетілген несие жүйесін қалыптастыру қажет. Өйткені субсидия деген тегін берілетін қаражат, ешқандай жауапкершілік, міндет жүктемейді»,- деген ой айтады.

Тағы бір бағдарлама, ол  «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру». Бұл бағдарламаға қатысушы  55 компанияның 32 компаниясы өндіріспен айналыспайды.

2011 жылдан 2015 жылдар аралығында республикалық бюджеттен осы бағдарламаны қаржыландыруға 58 млрд.теңге бөлінді. Талдау нәтижесінде бағдарламаға қатысушылар тарапынан бюджетке түсетін салықтың өспегенін және осы кәсіпорындар қосымша жұмыс орындарын ашпағанын көруге болады.

 Биыл осы  бағдарлама бойынша  50 ге жуық  кәсіпорынға субсидия беру үшін бюджеттен 9,5 млрд.теңге қарастырылған. Яғни, бұның көпшілігін тағы да өндіріспен айналыспайтын кәсіпкерлер алады деген сөз.

  

Соңғы жаңалықтар