ҚХР мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері арасындағы тауар айналымы биылдың өзінде $80-100 млрд жетуі мүмкін - Вэнь Цзябао
Астана. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - ҚХР мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері арасындағы тауар айналымы биылдың өзінде $80-100 млрд жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қытай жағының статистикасы бойынша ағымдағы жылдың қаңтары мен тамыз айлары аралығында Қытайдың ұйым шеңберіндегі тауар айналымы 55 млрд 800 млн долларға жетіп, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 35% ұлғайды", - деді ол.
"Ұйымдағы серіктес елдермен Қытай арасындағы тауар айналымын 2010 жылы $80-100 млрд деңгейіне жетуді біздің ел 2006 жылы жоспарлаған болса, ол межеге биыл жетеді", - деді премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін