ҚХР төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚХР төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді

ҚХР төрағасы ресми сапармен Қазақстанға келеді

Маусымның 2-4 аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтао Қазақстанға ресми сапармен келеді деп күтілуде. Бұл Қытайдың жаңа мемлекет басшысы ретінде оның шетелдерге жасаған алғашқы ресми сапарларының бірі.

  • 31 Мамыр 2003
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Сыртқы Істер Министрлігінің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады. Таратылған баспасөз баянында атап көрсетілгендей, бұл сапар екі мемлекет арасындағы байланыстардың жоғары деңгейін паш етіп, ҚХР басшылығы тарапынан Қазақстанға көрсетілген зор ықылас-ілтипаттың белгісі болмақ.

ҚР СІМ-нің хабарлауынша, сапар барысында Ху Цзиньтао Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізіп, ҚР үкімет бсшысы Иманғали Тасмағанбетовпен,
Парламент сенатының төрағасы Оралбай Әбдікәрімовпен, парламент мәжілісінің спикері Жармахан Тұяқбаймен кездесуі жоспарланған. Сонымен бірге бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Атап айтсақ, ҚР мен ҚХР бірлескен Декларациясына, 2003-2008 жылдарға арналған Қазақстан-Қытай өзара ынтымақтастық бағдарламасына, және өзара достық, ынтымақтастық, бейбіт тату көршілік туралы Келісімді бекіту жөніндегі куәлікті алмасу туралы Хаттамаға, ҚР білім және ғылым министрлігі мен ҚХР ағарту министрлігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылады.
Алдағы сапар ҚР мен ҚХР арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды нығайтуға тың серпін береді,- делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар