ҚМДБ әйелдерді шешіндіріп "емдейтін" молдаға қатысты мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМДБ  әйелдерді шешіндіріп "емдейтін" молдаға қатысты мәлімдеме жасады

ҚМДБ әйелдерді шешіндіріп "емдейтін" молдаға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы әлеуметтік желде белгісз әйелді шешіндіріп емдейтін молда туралы видеоға қатысты мәлімдеме жасады.

  • 30 Қыркүйек 2020
  • 691
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Діни Басқарма мүфтияттың facebook желісіндегі парақшасында жазы, деп хабарлайды Caravan.kz порталы. 

Құрметті оқырмандар!

Әлеуметтік желіде бір ер адамның әйелдің әуретті жерлерін ашып, денесіне жазбалар жазып, «емдеп» жатқаны жайлы бейнеролик тарады. Осыған байланысты төмендегіні мәлімдейміз:

 Біріншіден, бұл оқиға Қазақстанда болмаған. «Емдеуші» мен «емделуші» шет тілінде сөйлесіп жатқаны анық байқалады.

 Екіншіден, осы оқиғаны елімізде болған және «емдеушіні» «имам» деп түсініп жатқандар бар. Бұл оқиғаның біздің елге және біздің имамдарға қатысы жоқ екенін мәлімдейміз.

Үшіншіден, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дін қызметкерінің этикасына қатысты қабылдаған құжатына сәйкес, мұндай әрекетке жол берілмейді және қатаң тыйым салынады.


Шетелде орын алған осы жағдайға байланысты пікір білдерген кезде аса мұқият болуларыңызды сұраймыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде белгісіз адамның әйелді шешіндіріп емдеген видеосы тараан болатын. 

Соңғы жаңалықтар