Жарияланды: 2400

Қоғам белсендісі "Әбу-Даби Плазаның" шетелдік жұмысшыларының жатақханасын көрсетті

Қоғам белсендісі "Әбу-Даби Плазаның" шетелдік жұмысшыларының жатақханасын көрсетті Сурет - видеодан скриншот

Белгілі қоғам белсендісі, Мәжілістің бұрынғы депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров "Әбу-Даби Плазаның" құрылыс алаңындағы шетелдік жұмысшылардың жатақханасын ғаламторда көрсетті.

Ол Youtube-тегі өзінің Tanirbergen арнасына видео жариялады деп хабарлайды Caravan.kz.

"Үнділер мына жатақханаларда тұрады" деді қоғам белсендісі бейнежазбада.

Ол бұл төңіректі әлі де полицияның торуылдап жүргенін айтты. 

"Бүгінгі таң атты. Қақтығыстың жолы кесілді. Құдай мұндай қақтығыстың бетін әрі қылсын. Негізгі сұрақ, әрине, өз жатақханасында тәртіп орната алмай отырған құрылыс салушыларға қойылуы тиіс" деді Т.Бердіоңғаров. 

Естеріңізге салсақ, кеше кешкі сағат тоғыздар шамасында "Әбу-Даби Плазаның" құрылыс алаңының бақылау-өткізу орнында күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында ерегіс болған еді. Оқиға орнына мемлекеттік құрылымдар мен құқық қорғау органдарының өкілдері барды. Сөйтіп, бір қақтығыстың жолы кесілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін