Жарияланды: 210

Қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады

Қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады

Қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысында алдағы демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды.

Архимед Мұхамбетов бүгін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиында мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Қазір өңірде ведомствоаралық комиссияның тапсырмасына сәйкес мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген.

«Қазіргі уақытта 860 рейд жүргізіліп, 4757 нысан тексерілді, оның барысында 825 заңбұзушылық анықталып, материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санэпидбақылау органдарына жолданды.

Енгізілген шектеулерге қарамастан, облыс тұрғындары әлі де жаппай отбасылық іс-шаралар өткізуде, ал бизнес өкілдері санитарлық нормаларды бұзып келеді. Сондықтан карантин талаптарын бұзғандарды міндетті түрде бейнежазбаға түсіріп, мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырдым.Азаматтарды КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық ұсынылған шараларды сақтауға шақырамын», деп жазды Архимед Мұхамбетов Instagram парақшасында. Сондай-ақ, алдағы демалыс күндері облыста қосымша шектеулер қабылданады. Атап айтқанда, қоғамдық көлік жұмыс істемейді және ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда объектілерінің жұмысына уақытша тыйым салынды. Бұған дейін жұмыс істеп келген автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектерін сататын дүкендер де жұмысын тоқтатады.

Сондай-ақ моншалар мен сауналардың жұмысы шектеліп, қоғамдық тамақтану объектілері тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін