Қоғамдық көліктерге кондукторлар қайтарылсын - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық көліктерге кондукторлар қайтарылсын

Қоғамдық көліктерге кондукторлар қайтарылсын

Осындай  мәлімдемелер қазір ғаламтор беттерінде қаптап кетті.

  • 4 Сәуiр 2019
  • 29
Фото - Caravan.kz


Өйткені, өткен аптада болған жол апаты жолаушылардың ашу ызасын туғызған секілді. Онымен қоса, бірнеше жыл бұрын автобустардың игілігіне берілген арнайы жолақтардағы жылдамдыққа шек қойылмақ.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
 
Елордадағы соңғы орын алған ірі жол көлік оқиғасына байланысты, қазір қаладағы қоғамдық көліктерде бұрынғы кондукторлар, яғни қазіргі кеңесшілерді автобусқа қайта әкелу жөнінде бастама көтеріліп жатыр екен. Өйткені қазіргі, жүргізушілер онсыз да ауыр мамандық иелері кондукторлардың жұмысын қоса атқарып жүр. Соған байланысты қазір жолда неше түрлі авариялық жағдайлар көбейіпті. Ал, оған жолаушылардың пікірі қандай? Оны өздерінен сұрап білейік".        

«Кондуктор керек. За рулем водитель тем более отвлекается. Он не может обслужить людей».
«Ал, кондуктор керек. Ол терезеге қарайды ма или адамдарға қарай ма? Бір жағынан адамдарға қарау керек қой кондуктор мысалы. Ол адамдарға қараймын деп авария болады».
«Кондуктор керек. Автобус салонында түрлі жағдайлар болады. Үлкен кісілерге көмектесу қажет. Ол мамандарға көп нәрсе байланысты. Жауаптылар осы арқылы ақша үнемдеп қалуды көздеп отырған шығар. Біз Еуропа елі емеспіз, жолаушыларды қадағалау қажет».    
      
Ал, таң сәріден түнге дейін жолдан көз алмайтын жүргізушілер де кондукторлардың өздеріне таптырмас көмекші екенін айтады. Өйткені, халық нөпірі көп мезгілдерде жолаушылардың карталарының төлем жасағанын аңғарып үлгермейміз, — дейді. 

НҰРЛАН ҚҰЛБАЛИН, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
«Әр адам шопыр өз жұмысын, кондуктор өз жұмысын істеу керек. Көбінесе кейбір кезде жолды сұрайды отвлекать етеді. Еще айтады бір есікпен істеңдер деп, өте қиын адам көп. Кейбір кезде бір ақ маршрут қой городской осы 24 сол кезде қиын бір есікпен істеген».       
  
Кондукторлардың азайғаны діттеген жеріне тегін жеткісі келетін пысықайларға да қол болып тұр екен.    

ЗҰЛХАМАР СЕЙДАХМЕТОВ, КЕҢЕСШІ:
«Кондукторы жоқ автобустарға барсам көп адамдар смс смс деп водительдерге кетіп қалады. Бірақ, негізінде төлемейді. Тек стартқа қойып қояды смсті тексеру келсе төлейді. Ал, тексеру келмесе сол бойы түсіп кетеді».     

Ірі жол апаты болған кезде қарама-қарсы бағытта өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі Бақдәулет сол сәт әлі күнге дейін көз алдымда тұр, — дейді. Тоқтап, өмірі қыл үстінде тұрған 30 жолаушыны құтқарып қалған ол, кондукторларды алып тастағалы жұмысымыз бірнеше есе қиындады деп отыр.  

БАҚДӘУЛЕТ ӘЛІБЕК, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:
«Артыма қараймын салонда үлкен пассажир жігіттер бар екен. Жігіттер жүріңіздер артымыздағы автобусты құтқарайық, көмектесейік деп жаныма екі үш баланы ертіп алып кеттім. Бардым бізде инструктаж бойынша бірінші тоқты өшіру керек. Массаны өшіруге келмеген соң, тоқты қолмен жұлуға тура келді. Қолыммен жұлдым, аккумулятордан ажыратқаннан кейін артыңғы есікті төртеуміз барып аштық».      

Қаладағы жолаушылар тасымалына жауапты компания өкілдерінің айтуынша автобустар сараланған тариф жүйесіне көшкелі автопарктердің табысы бірнеше пайызға артқан. Сол себепті, сәтті жүзеге асқан жоба тоқтамайды. Керісінше, қыркүйек айына дейін кондукторларды толық алып тастаймыз деп отыр.

НАУАТ АЗАНБАЕВА, "АСТАНА ЛРТ" ЖШС ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
«Бірінші автопаркте кейбір бағыттарда автобустар лық толы. Сондықтан олар кондукторларды әлі шығарған жоқ. Неге? Біріншіден адам көп болған соң, екіншіден кейбір адамдар карточканы қалай басу керектігін білмейді. Жаңағы кондукторларды кеңесші ретінде қалдырып отырмыз. Бірақ, картаға 98-99 % көшсек, біз мүлдем кондукторларды да, кеңесшілерді де алып тастаймыз».       

Демек, кеңесшілердің автобустағы күні санаулы. Бұлай деп ЛРТ мамандары айтып отыр. Сондықтан, жолаушыларға байбалам салмай, енгізіліп отырған өзгерістерге мойынсұнудан басқа амал жоқ секілді. 

Соңғы жаңалықтар