Қоғамдық ұйымдар дайындаған БАҚ туралы заң жобасында либералдық инновациялар болған - Матаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қоғамдық ұйымдар дайындаған БАҚ туралы заң жобасында либералдық инновациялар болған - Матаев

Қоғамдық ұйымдар дайындаған БАҚ туралы заң жобасында либералдық инновациялар болған - Матаев

Алматы. 7 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қоғамдық ұйымдар дайындаған БАҚ туралы заң жобасында либералдық инновациялар болған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев хабарлады.

  • 7 Мамыр 2008
  • 867
Фото - Caravan.kz

«Былтыр бірқатар қоғамдық ұйымдар БАҚ туралы жаңа заң жобасын дайындады. Қоғамдық ұйымдар заңға бастамашы бола алмайтындықтан біз ол жобаны депутаттарға бердік. Парламент жобаны өз жұмыстарына қабылдады. Сосын жарты жылдай тыныштық орнап, Жаңа жылдан кейін үкімет бұл заң жобасы бойынша теріс шешім шығарғанын білдік. Бұл заң жобасы шикі, ол енгізілетін болса, республикалық бюджеттен қосымша қаржы керек дегенді сылтауратты. Түсінесіздер ме, мұндай сөз тіркесі болған жағдайда барлығы да алынып тасталады», — деп хабарлады С. Матаев.

«Бірақ істің мәнісі мынада, қоғамдық ұйымдар дайындаған осы заң жобасында либералдық инновациялар болған. Бұл, мәселен, телеарнамен байланысты деп алайық. Біз осы саладағы тіркеу бойынша көптеген мәселелерді алып тастадық. Бізде тіркеу деген қиын. Маған осы кеше ғана Мәдениет және ақпарат министрлігінен қағаз келді. Онда жаңа заң жасау бойынша емес, қазіргі заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобы құрылатыны жазылған», — деді Қазақстанның журналистер одағының төрағасы.

Оның айтуынша, қоғамдық ұйымдар мұнымен келіспей, осы жайды ашық мәлімдегендерімен олардың өкілдері жұмыс тобына кірген. «Біздің білейік дегеніміз, Мәдениет және ақпарат министрлігі журналистер қоғамдастығына қандай өзгертулерді ұсына алады?» — деп мәлімдеді С. Матаев.

Ол бірінші кезекте бұл түзетулер журналистерге қатысты деп есептейді. С. Матаев соңғы үш жылда үкімет немесе Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан енгізілген бір де бір түзету журналистердің жағдайын бір мысқал да жақсартқан емес. «Бас редакторы алмасып, тақырыптық бағыты өзгерген жағдайда басылым немесе телеарнаны қайта тіркеу үшін не істеу керек деген сияқты өзгертулер болған», — деді Журналистер одағының төрағасы.

«Астанада 13 мамырда осы жұмыс тобының алғашқы отырысы өтеді. Біз сонда Мәдениет және ақпарат министрлігі қандай өзгертулер мен толықтырулар ұсынып отырғанын білетін боламыз деген үміттемін. Ал тап қазір мен ештеңе де білмеймін. Сондықтан, ол қандай түзетулер, жаман немесе жақсы деп айта алмаймын», — деді С. Матаев.

Оның айтуынша, қоғамдық ұйымдар бұдан әрі қарай да жұмыс істей беруге дайын. Себебі, бұл заң Қазақстанның азаматтық қоғамына ауадай қажет.

Ол сондай-ақ, заң жобасын жасауға қатысқан қоғамдық ұйымдар олардың бастамасы қолдау табады және Қазақстан БАҚ туралы жаңа либералды заңға ие болады деп үміттенгендерін жеткізді.

«Біз бұған үміттенген едік. Өйткені, мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев ЕҚЫҰ-ның отырысына өткен жылдың қазан айында барғанында мұндай жаңа заң жобасы бар және біз ол заң жобасымен жұмыс істеуге дайынбыз деп мәлімдеген. Және БАҚ туралы жаңа заң қабылданатынын айтқан. Алайда, кейін Жаңа жылдан соң біз Астанада өткізген дөңгелек үстел болды. Сол жерде ол ондай сөздерді айтпағанын мәлімдеді. Бізде оның айтқан сөздерінің Венадан алған бейнетаспасы бар екендігіне қарамастан ол осылай деді», — деп атап көрсетті С. Матаев.

«Әрине, біз жасаған заң жобасы керемет деп айтпаймыз. Онда дау туғызатын ережелер де болуы мүмкін. Біз қандай да бір ымыраға келуге дайын едік. Бірақ, ол болған жоқ. Тек қабылданбайды деді. Біз билікпен тайталасқа түспейміз. Біз әр нәрсені талқылауға әрқашан дайынбыз. Қазақстанда шығармашылық интеллигенцияның ең үлкен шоғыры журналистер болып табылады. Бізге БАҚ туралы заңның керектігіне шүбә келтірмеймін. Бұл біздің әрқайсымызға қатысты. Егер бұрын БАҚ мемлекеттік болып келсе, қазір басылымдардың 90 пайызы жекенің қолында. Ақпараттық кеңістіктегі жалпы ойын ережелері барлығына бірдей болуы тиіс», — деп есептейді С. Матаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті