Қоғамдық журналистік институттардың іс-қызмет аясының кеңейе түсуіне байланысты Қазақстандағы масс-медианың даму ағымдары оң сипатқа көшті - ҚР президенті
Қазақстандағы масс-медианың оң сипатта дами бастауы Қоғамдық журналистік институттардың, соның ішінде Журналистер Конгрессі мен журналистер Одағының, Телерадиохабарларын таратушылар Қауымдастығының іс-қызметі аясының кеңейе түсуіне байланысты. Бүгін, 22-сәуірде Алматыда ашылған үшінші Еуразиялық МедиаФорумда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. |
"Қазір Қазақстанда 2 мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Оппозициялық газеттер де нақты жұмыс істеп жатыр. Оған қалағанның бәрі көз жеткізе алады",- деді президент. Осы орайда ол "баспасөзге экономикалық қолдау көрсету үшін соңғы 4 жыл бойына қосалқы құн салығы алынбай отыр. Радиожиіліктерді пайдаланғаны үшін төленетін жыл сайынғы төлемдер мөлшері де барған сайын азая түсуде. Қазақстан қоғамы үшін маңызды тақырыптарды жария ету үшін барлық БАҚ-тарға мемлекеттік тапсырыстар беру механизмі қолданылуда",- деп атап өтті. "Соңғы 4 жылда мемлекеттік тапсырыс алу үшін байқауға өтініш бергендер саны 10 есе артты",- деді Н.Назарбаев.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін