"Қой мен шошқаның басын іліп қойған": Хэллоуин Алматыда қалай тойланды? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қой мен шошқаның басын іліп қойған": Хэллоуин Алматыда қалай тойланды?

"Қой мен шошқаның басын іліп қойған": Хэллоуин Алматыда қалай тойланды?

Алматыда түнгі клубтардың бірі шетелдің Хэллоуин мерекесіне орай кеш өткізген. Ал кешті ұйымдастырушылар сахнаның ортасына қой мен шошқаның басын ілген.

  • 1 Қараша 2022
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы ZTB.kz ақпарат порталының телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Жазбада оқырмандардың бірінен келген хат жарияланған:

«Мен қатты таңқалдым, олар Хэллоуин мерекесінде безендіру жұмыстары үшін, сахнаның ортасында қой мен шошқаның басын іліп қойған. Қойдың басы қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі емес пе? Оны ересектерге, әсіресе сыйлы қонақтарға ұсынады, бұл қазақ халқына деген құрмет емес сияқты. Олардың бұл әрекетіне шара қолдану керек. Жарайды бұл мерекені тойлауға ешкім тыйым салмайды, бірақ мұндай әрекетке барудың қажеті жоқ еді»,- деді оқырман.


Соңғы жаңалықтар