«Qolqanat» қайырымдылық акциясы аясында 1000 отбасына көмек көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Qolqanat» қайырымдылық акциясы аясында 1000 отбасына көмек көрсетілді

 «Qolqanat» қайырымдылық акциясы аясында 1000 отбасына көмек көрсетілді

Қазақстанның 11 өңірінен көпбалалы және аз қамтылған 1000 отбасыға «Qolqanat» қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсетілді. Әрбір отбасы азық-түлік жиынтықтары мен қажетті тауарлар алды.

  • 10 Шiлде
  • 2
Фото - Caravan.kz

Акция Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ұлытау, Қарағанды, Абай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында өтті. Ірі қалалармен қатар, шалғай елді мекендерге де көмек көрсетілді.

Халықтың әлеуметтік осал санатына жататын отбасылар ұн, қант, жарма, консерві, картоп, пияз, кәмпит, печенье, шәй, өсімдік майы, макарон өнімдері, сондай-ақ гигиеналық өнімдер алды.

— Көңіл бөліп, қолдағандарыңызға көп рахмет! Бұл біз үшін маңызды. Талай тауар әкелінді! Біз күткен жоқпыз. Бұл қолдауды, көмекті бағалаймыз, — дейді көмек алушылар.

Айта кетейік, қайырымдылық акциясын жыл сайын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Madeni Qazyna Qory» қоғамдық қоры ұйымдастырады. Жыл сайын акция 2000-ға жуық отбасын қамтиды.