"Қолым дірілдеп, басым қатты ауыра бастады". Меркі ауруханасының дәрігері COVID-19-дан қалай емделгенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қолым дірілдеп, басым қатты ауыра бастады". Меркі ауруханасының дәрігері COVID-19-дан қалай емделгенін айтты

"Қолым дірілдеп, басым қатты ауыра бастады". Меркі ауруханасының дәрігері COVID-19-дан қалай емделгенін айтты

Меркі ауруханасында шу шығарған дәрігер Толқынай Ордабаева коронавирустан қалай емделгенін айтып берді. 

  • 27 Сәуiр 2020
  • 756
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Жұқпалы аурулар дәрігері Толқынай Ордабаеваның айтуынша, 2 сәуірде әлсіздік және тершеңдік басталған. Ертесіне оның дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, басы ауырған, іші өткен. Оған "ангина" деген диагноз қойған.

Үшінші күні ерніне ұшық шыққан.

"2 сәуірден 6 сәуірге дейін мен коронавируспен ауырып жатқанымды білмедім. Өздігімнен емделіп, жұмысқа барып жүрдім. Өзім жұқпалы аурулар дәрігері болғандықтан, үйде температураны түсіру үшін "Парацетамол" ішіп алатынмын. Сондай-ақ "Гроприносин", "Ацикловир" препараттарын, "Азитромицин" антибиотигін іштім. Дүйсенбі, 6 сәуірде, ПТР-ге анализ тапсырдым. Оң болып шықты. 7 сәуірде мені ауруханаға алып кетті", — деді ол.

Дәрігерді Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызады. Толқынай Ордабаеваның айтуынша, өздігінен емделіп, кішкене де болса, жағдайын жақсартып алған: стационарда дене қызуы 38 градустан аспаған. Бірақ көкірек тұсы ауыра бастаған.

"7 сәуірде көкірек қуысыма рентген жасады. Менде оң жақтан негізгі сегменттік пневмония болды. Түнде тыныс алуым қиындады. Ауа жетпей тұрғандай сезінетінмін. Күндіз аса қатты сезілмейтін", — деп қосты ол.

Дәрігердің айтуынша, көкірек қуысындағы аурудан бөлек, дене қызуы 37 градустан 37,5 градусқа дейін болған. Үнемі басы ауырып, әлсіздік жалғасқан.

"Маған "Алувиа" препаратын ішкізді. Ол диареяны күшейтті. Сондай-ақ одан ұйқы қысып, қолым дірілдеп, басым қатты ауыра бастады, терлеуім де күшейді. Бұл — препарат өте ауыр, АИТВ инфекциясын жұқтырғанда беріледі. Мен бұған қатты алаңдадым", — деді Толқынай Ордабаева.

Сонымен қатар, оның айтуынша, емделгеннен кейін қан құрамындағы қант көбейген.

"Бұл препарат ұйқы безі мен бауырға қатты әсер етеді, меніңше, менің қанымдағы қант деңгейі көтерілді. Негізінде, оның салдары көп болады. Ағзада 10-16 күнге дейін сақталады. Содан кейін қант деңгейі реттеледі деп үміттенемін", — деді ол.

Дәрігер 10 сәуірде пневмонияны емдеу үшін оған өте мықты "Азитромицин" деген антибиотик жазып берген. Сол күні жөтел пайда болып, тамақ қуысы қышыған.


"Жағдайым стационарға жатқаннан кейін он екінші күнде, 18 сәуірде жақсара бастады. Бірақ түнде температура 37-37,3 градус аралығында болды. 21 сәуірде ешқандай дәрі ішпедім. Ал 22 сәуірде коронавирусқа анализ тапсырдым, кеуде қуысын компьютермен томографияға түсірді. Барлығы таза болды, анализім теріс шықты", — дейді ол.

Дәрігер ауруханада 17 күн жатқан. Ал, ауру циклі үш аптаға созылған.

"Тұмаудан басты айырмашылығы — өте қатты әлсіздік, тіпті, дене қызуың көтерілмесе де, әлсіздік болады. Мені емделуге жібермегендіктен, аурудың ең ауыр кезеңін мен аяқ үстінде жүріп өткіздім. Жағдайды стресс, ашулану қиындатты. Бір жағынан — ауру жұқтырғаным, екінші жағынан — жұмастағы проблемалар. Мұның барлығы басып тастады", — деді дәрігер.

Айтуынша, қазір жағдайы жақсы. Бірақ кейде көкірек қуысында тыныс алуы кішкене қиындайды. Ал, оның жазылғанына басқа ауруларының болмағаны көмектескен.

Толқынай 23 сәуірде ауруханадан шықты. Қазір 14 күндік үйдегі карантинде жатыр.

Еске салайық, жұқпалы аурулар дәрігері Толқынай Ордабаева ауруханадағы жағдайдың нашар болуынан ауру жұқтырғанын айтып шағымданған болатын.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов оның жазған постына жауап беріп, Меркі ауданында қызметтік тергеу жүргізуді тапсырған. Кейін Меркі аудандық ауруханасының басшыларының жұмысынан қателік табылып, қызметінен босатылғаны белгілі болды.

 

Соңғы жаңалықтар