Жарияланды: 30

Қолын сындырып, мұрнын бұзған: Алматыда қонақ үй күзетшісі аяусыз соққыға жығылды

Қолын сындырып, мұрнын бұзған: Алматыда қонақ үй күзетшісі аяусыз соққыға жығылды

Полиция күзетшіні сабап кеткендерді ұстады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Екі мас ер адам Алматыда қонақүй күзетшісін соққыға жығып, қолы мен мұрнын сындырған. Полиция оларды қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады. 

 "Қазақфильм" шағын ауданындағы қонақүйлердің бірінде ер адамдар мен күзетшінің арасында төбелес шыққан, себебі қонақүй қызметкерлері мас қонақтарды қабылдаудан бас тартыпты. 

Қонақүй қызметкерлеріне қоқан-лоққы көрсетіп жатқанын байқаған күзетші келушілерден кетуін өтінеді. Алайда екі жігіт оған тап беріп, соққыға жыға бастаған.

"29 жастағы жәбірленушінің қолы мен мұрны сынып, ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлайды Алматы қаласының Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.

Күзетшіні сабап тастаған бұзақылар қонақүйден кетіп қалады, бірақ алысқа ұзамапты.  жақын маңдағы қонақүйден 25 жастағы Алматы тұрғыны мен 28 жастағы РФ азаматын ұстап, бөлімшеге жеткізді.

Қазір екі тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚК 293-бабы 2-бөлімі "Бұзақылық. Алдын ала келісіп, топ болып жасау" және 107-бабы 2-бөлімі "Қасақана денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша жүргізіліп жатыр. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін