Қонаевтағы казиноның пайдасы зор – қала әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қонаевтағы казиноның пайдасы зор – қала әкімі

Қонаевтағы казиноның пайдасы зор – қала әкімі

Әкім Қонаева Нұрлан Қуматаев қаладағы ойынхана ешкімге кедергі келтірмейді, тек пайда әкеледі деп есептейді. 

  • 13 Қараша 2022
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы қала әкімінің Orda.kz  тілшісіне берген сұхбатына сілтеме жасап хабарлайды.

Қала басшысы  мойындағандай, ойынхананы жабу туралы мәселені сөз етуге тұрмайды. Оның айтуынша, онда 7,5 мыңнан астам адам жұмыс істеп, ойын орындарының жергілікті халыққа пайдасы зор.

"Казино аймақ экономикасына мультипликативтік әсер береді. Онда біздің тұрғындар жұмыс істейді, сонымен қатар жергілікті кәсіпорындар ойын алаңдарына қызмет көрсетеді. Осының барлығы, сайып келгенде, қала тұрғындарының тұрақты жұмыс орнының болуына мүмкіндік береді. Оларды жабу туралы сөз қоззғалмады", – деді әкім.

Айта кету керек, бүгінгі күні Қонаев аумағында (Алматы-Талдықорған тас жолының бойында) бес ойынхана, төрт ойын клубы және алты букмекерлік кеңсе жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар