Қоқыстан қажыған Ливан халқы ереуілге шықты
![]() |
«Қоқысты құртыңдар!» Ливан астанасының тұрғындары осындай ұранмен қала көшелеріне шығып, ел билігіне наразылық танытты, деп хабарлайды 24.kz. |
Бейруттықтардың жаппай ереуілге шығуына қаланың түкпір-түкпірінде тағам қалдықтары сияқты қоқыстың жиналмай жатуы себеп болған. Өйткені елдегі билікте ауызбіршілік жоқ. Қоқысты жою мәселесін шешуге келгенде бір-біріне сілтеп, қол қусырып қарап отырғанына бірнеше апта болды.
Ел астанасындағы масқара жағдайға шыдай алмаған халық парламент ғимаратына өтпек болғанда, полиция оларға сумен мен газ шашып, резеңке оқпен атқылаған. Салдарынан 30-дан астам адам жарақаттанып, ауруханаға түсті.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда, шеруге 5 мыңдай адам қатысқан.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін