Қор стипендиаты Беназир Қуат: Өмірдің мәні - өзіңді-өзің дамытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қор стипендиаты Беназир Қуат: Өмірдің мәні - өзіңді-өзің дамытуда

Қор стипендиаты Беназир Қуат: Өмірдің мәні - өзіңді-өзің дамытуда

Беназир Қуат Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты болуды талайдан бері армандаған. Чайковский атындағы музыкалық колледжде оқу кезінде бойжеткен стипендия иегерлерін көрді. Арманын жүзеге асыру үшін көп оқыды, өзін дамытты. Қазір Беназир Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның студенті, мақсатына жеткенін мақтан тұтады.

  • 18 Қаңтар 2023
  • 4209
Фото - Caravan.kz

— Бірақ мен мұнымен тоқтап қалмаймын, өйткені өмірдің мәні – өзіңді өзің дамытуда және кемелдіктің шегі жоқ. Қордың арқасында өзіме деген сенімділік артты. Музыка әлемінің өкілі ретінде идеяларымды еліміздің мәдени құндылықтарын дамыту үшін жүзеге асырамын, — деді Беназир Қуат.

Беназир – өте талантты. Бұған классикалық гитара мен опералық дауыста ән салуға үйреткен екі арнайы орта біліммен қатар, басқа да хобби дәлел.

Бойжеткен өзін өнер адамы деп санайды. Ол халықаралық байқаулардың, фестивальдердің және ғылыми конференциялардың лауреаты. Негізгі білімнен басқа маркетинг, SMM және мобилография курсын оқыған. Талай жылдан бері фото және бейне түсірумен айналысады. Ағылшын және испан тілін үйренуді жетілдіріп жатыр. Ал былтыр күзден бастап Жамбыл атындағы филармонияның концерттік-гастрольдік бөлімінің контент-менеджері болып жұмыс істейді.

Спортпен шұғылданады, дұрыс тамақтануды да ұстанады. Ауыр сырқаттан кейін Беназир өзін-өзі қолға алып, үш айда 13 келіге арықтады.


— Қандай іспен айналыссаңыз да шынайы ниетпен, жаныңызды салып істеңіз. Арман-тілектеріңізді іске асырыңыз, мақсат қойыңыз және күн сайын әрекет етіңіз. Бірақ денсаулықты ұмытпаңыз. «Әуелі өнер ізделік қолдан келсе, ең болмаса еңбекпен мал табалық» деп Абай атамыз адал еңбекке үндеген», — дейді біздің стипендиат.

Соңғы жаңалықтар